13.10.2014
«Форум Бахрейн ханшайымы Сабика бин Ибрахим Аль Халифаның, Бахрейн патшасының бірінші жұбайының, Әйелдер ісі бойынша жоғарғы кеңес төрағасының, Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесінің және Бахрейннің сауда-өндіріс палатасының қамқорлығымен өтеді», - деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Ауқымды шараға Бахрейннің 300-ден астам кәсіпкер әйелі, араб елдері мен өзге мемлекеттерден келген кәсіпкерлер қатысады.
Қатысушылар іскер әйелдердің алдыңда тұрған экономикалық проблемаларды жан-жақты талқылайтын болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум іскер әйелдердің экономикалық біліктілігін арттыруға және олардың арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.