11.10.2014
Күн тәртібі аясында Ж.Ерғалиев діни ұйымдардың қызмет аясын, жеке және заңды тұлғалардың діни саладағы іс-қимылын реттеу, мемлекеттің діни ұйымдармен өзара қатынастарын үйлестіру, барлық тараптардың құқықтық жауаптылығын белгілеу қажеттігіне орай «Ар-ождан, діни сенім бостандығы және діни ұйымдар (бірлестіктер) туралы» үлгі заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Заң жобасында мемлекеттің құқықтық қатынастарына, діни бірлестіктер мен білім беру жүйесіне, миссионерлік және қайырымдылық іс-қимылдарға ерекше назар аударылды, діни ұйымдар мүлкіне, діни әдебиеттерді әкелуге, басуға және таратуға қатысты мәселелер реттелді.
«Бұл үлгі заңды қабылдаудың құқықтық тұрғыда оң әсері болады. Заң жобасы әр мемлекетке мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіруге кешенді түрде қадам басуға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Сенат депутаты.