10.10.2014
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес әскери бақылаушылардың негізгі міндеті патрульдеу, мониторинг жасау және баяндау болып табылады. Бақылаушылар миссияға қарусыз жіберіледі, қақтығыстарға қатыспайды, кімнің болмасын тарапын қабылдамайды.
Миссиядағы әскери қызметшілер БҰҰ персоналының иммунитеті мен артықшылықтарын пайдалана алады. Қазақстанның БҰҰ артықшылықтар мен иммунитеттер туралы конвенциясына 1995 жылы қосылғаны белгілі.
БҰҰ тарапынан әскери бақылаушылар миссияда болған кезеңде тұруға, тамақтануға және қатынау шығындарына қажетті ақшалай қолдаумен қамтамасыз етіледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге операцияға қатысу кезеңінде үш еселенген жалақы төлейді.
Қорғаныс министрлігі бітімгершілік әлеуетті дамыту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіп келеді.
Қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық бітімгершілік процесіне белсенді түрде атсалысып, өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуда.
«Қазбат» бітімгершілік батальоны, Құрлық әскерлері әскери институтының базасында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу үшін қазақстандық әскери қызметшілерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығы құрылды. Осы салада әлемнің көптеген елдерімен жоспарлы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.