09.10.2014
«Дала қыраны-2014» халықаралық оқу-жаттығуының белсенді кезеңі барысында қазақстандық әскери қызметшілер штабтық процедураларды, бітімгершілік операцияларды жоспарлауда, елді мекендерді патрульдеуде өз машықтану деңгейлерін көрсетті.
Оқу-жаттығу шеңберінде сондай-ақ бақылау-өткізу пункттеріндегі жұмысқа, гуманитарлық жүктерге ілесіп жүруге, қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандыруға, ағылшын тілінде радиоалмасулар жүргізуге, топографиялық карталарды оқу және ресімдеуге көңіл бөлінуде.
««Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының басшылығы қазақстандық бітігершілердің даярлық деңгейінің жоғарылығын, шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілерімен бірлескен операцияларды жүргізу кезіндегі іс-қимылдарының үйлесімділігін атап өтті», - делінген хабарламада.
Германиядағы АҚШ қарулы күштерін даярлаудың Біріккен орталығында жүргізілген оқу-жаттығудың белсенді кезеңін бақылауға Қазақстан Қорғаныс министрлігінің НАТО штаб-пәтері жанындағы әскери өкілі генерал-майор Бахтияр Сыздықов қатысты.