08.10.2014
«Кемелердің экипаждары Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аумақтық және экономикалық сулардағы стратегиялық нысандарды қорғау жөніндегі міндеттерді пысықтады. Екі ел әскери-теңіз күштерінің арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру жауынгерлік іс-қимылдарғаа барынша жақын жағдайда өтті», - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов оқу-жаттығуға қатысушылардың барлығы жақсы теңіз дағдысын, қойылған міндеттерді орындауда сауатты және білікті іс-қимыл көрсетті.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық және ресейлік экипаждардың үздік мүшелері аталды. Оқу-жаттығуда Қазақстан Әскери-теңіз күштеріндегі тұңғыш әйел экипаж мүшесі байланысшы Жанар Ибраева да сыннан сүрінбей өтті.
Келесі оқу-жаттығу Ресей Федерациясының аумағында өтеді деп жоспарланған.