• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ә.Исекешев: Қазақстан Сан-Мариноның туристік саланы ұйымдастырудағы табысты тәжірибесіне мүдделі 08.10.2014

Тараптар екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірталай мәселелерін талқылады. Перспективалы бағыттардың бірі ретінде туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамыту белгіленді, деп хабарлады ИДМ.

Оның ішінде, Әсет Исекешев Сан-Мариноның туристік саланы ұйымдастырудағы табысты тәжірибесіне Қазақстанның мүдделі екендігін атап өтті. Бұл бағыттағы  ынтымақтастыққа Алматы қаласындағы тау шаңғысы курортының салынуы және Қазақстанның 2022 жылғы Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге өтінім жасағандығы оның өзектілігін танытып отыр..

Мұның сыртында, Қазақстан сан-маринолық компанияларды «ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымдық жобаларына, сонмен қатар көрменің өзіне қатысуға шақырды.

Бұдан тыс кездесуге қатысушылар инвестициялар, инновациялар, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелерін қаузады.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар бұдан былайғы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлуге келісті. Ол карта екі елдің арасындағы серіктестіктің перспективалық бағыттарын белгілейтін болады. 

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне қарағанда Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы тауар айналымы 2013 жылы $1732,3 құраған.

 


Back to the list