• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
У.Кортни: АҚШ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі 08.10.2014

Сенат Төрағасы соңғы жылдарда ядролық қаруды таратпау, қауіпсіздік және экономика салаларында өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне шыққан Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестікті дамытуға Қазақстан зор маңыз беретінін, бұған біздің елімізде болған америкалық елшінің сіңірген еңбегі аз болмағынын атап өтті.

«У.Кортни біздің еліміздің экономикалық даму саласындағы елеулі табыстары уақытында жүргізілген экономикалық реформалардың арқасында мүмкін болғанын айтты. Мұндай саясат Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының арта түсуіне ықпал етті. Америкалық өкілдің айтуынша, АҚШ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі болып отыр», - делінген хабарламада.

У.Кортни Қазақстанның геосаяси төңірегіндегі болып жатқан оқиғалар тұрғысында аса маңызды болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, нарықтық экономикаға негізделген ішкі саяси тұрақтылықты қолдау жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың көреген және сындарлы саясатын атап өтті.

 


Back to the list