08.10.2014
«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының басты мақсаты бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО-ға қатысушы елдер әскери контингенттерімен үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Көпұлтты контингенттің құрамындағы қазақстандық бітімгершілік батальон көпұлтты ортадағы үйлесімділікті жақсарту, миссияларды жоспарлау, жедел бұйрықтарды орындау, ағымдағы операцияларды қадағалау жөніндегі міндеттерді пысықтауда.
Биыл «Дала қыраны» он екінші рет өтуде. Бұл бітімгершілік оқу-жаттығуы тұңғыш рет 2003 жылы ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің «Іле» оқу-жаттығу орталығында өткізілген болатын.
«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуына сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия мен Ұлыбритания қатысуда.