08.10.2014
Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде лаңкестікпен, экстремизммен, киберқылмыстармен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстармен күрес, заңсыз жолмен алынған табыстарды анықтау, тәркілеу және қайтару саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту және нығайту мәселелері талқыланды.
«Тараптар өзара ықпалдастықтың қол жеткізілген деңгейіне ризашылықтарын білдірді. А.Дауылбаевтың айтуынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы өзара түсіністік қағидасына сәйкес қылмысқа қарсы тұру, халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша Өзбекстан Бас прокуратурасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ол сонымен қатар қазақстандық прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары туралы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары жөнінде мәлімдеді.
Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі заманға сай міндеттер аясында трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру қажеттілігін баса айтты.