07.10.2014
Тараптар ынтымақтастықтың болашағы мен екіжақты мүдделердің ортақ тұсын талқыға салды. Атап айтар болсақ, Қазақстанның Кедендік одақ мүшелігіне байланысты екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері айтылды. «Біз өзіміздің әріптестерімізбен Қазақстанда жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорын құру ұсынысын айтып отырмыз. Осы арқылы біздің өнімдер Кедендік Одақ, Орта Азия және Қытай нарығына жол тартпақ», - дейді Е.Ыдырысов.
«Өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі - жоғары технологияларды дамыту, инвестиция алмасу, ауыл шаруашылық саласындағы жобаларды ілгерілету, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру, туризм саласында да ортақ жобалар іске асыру болып табылады. Қазақстан туристік саланы дамыту бойынша Сан-Марино тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. Сан-Мариномен байланыстың нығаюы ел экономикасына қосымша табыс көзі болмақ», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде П.Валентини Қазақстан мен Сан-Марино арасында ынтымақтастықты дамытудың болашағы зор екенін баса айтты. Соның ішінде сауда мен инвестиция саласына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, осы сапар екіжақты байланыстың жаңа деңгейге көтерілуіне бастама болмақ.
Кездесу нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Сан-Марино Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.