• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Иранда қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптің сауда миссиясы өтті 07.10.2014

Шара аясында Иранның әлеуетті тұтынушыларымен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қазақстандық ұн, өсімдік майы, аммиакті селитра мен арматура тасымалдау туралы келісім жасалды.

«Иранның Сауда-өндірістік палатасының вице-президенті Абдулрахман Солимани Могадамның айтуынша, осындай форматтағы кездесулерді жыл сайын өткізіп отыру керек. Бұл өйткені екі елдің өзара сауда-экономикалық байланыстарының бойына қан жүгіртеді», - деп хабарлайды «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі.

Айта кету керек, бүгінде Қазақстан Иран нарығына 540 млн доллардың 20 шақты тауар түрін сатып отыр.

KAZNEX INVEST агенттігінің сараптамасы бойынша, екі ел 18 тауар түрі бойынша сауда жасауда. Осы тауар түрлерін қазақстандық өндірушілер емін-еркін Иранға апарып сата алады. Олардың арасында металлургия, азық-түлік, машина құрылысы, химия саласы, минералды өнімдер, целлюлитті-қағаз бұйымдары, құрылыс материалдары мен тігін өндірісі өнімдері бар. Осынау тауарлардың экспорттық әлеуеті 1,3 млрд доллар көлемінде деп күтілуде.


Back to the list