06.10.2014
«МАГАТЭ – қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ғылым жаңалықтары мен тәжірибелерінің түйісетін орталығы, мәселен, МАГАТЭ-нің қауіпсіздік стандарттары деп аталатын нормативтік құжаттар жобаларын барлығы мойындайды, оларды халықаралық агенттіктер өздерінің нормативтік базаларын құрастыру үшін қолданады», - деді ол.
Айта кетейік, 1993 жылдың 13 желтоқсанында ҚР ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылғаннан кейін 1994 жылы 26 шілдеде Қазақстан Атом энергиясы туралы халықаралық агенттікпен Кепілдіктерді қолдану туралы келісім жасады. Келісім 1995 жылдың 11 тамызында өз күшіне енді, сол уақыттан бастап Қазақстанның ядролық қызметтері МАГАТЭ кепілдігіне алынды. Оның маңызды бағытының бірі атом энергеиясын бейбіт мақсатта қолдануда қауіпсіздік деңгейін көтеру жобаларына қатысу болып табылады.
Индира Қауметова