• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан жөнелткен гуманитарлық көмек Сербияға жеткізілді – СІМ 06.10.2014

«ҚР Венгрия және Сербиядағы Елшілігі СР СІМ, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар қызметі және Сербияның қызыл крест ұйымымен бірлесе гуманитарлық жүктің тапсыру шараларын өткізді. Ресми іс-шара барысында аталған мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар Қазақстан-Серб парламентаралық достық тобының мүшелері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Апатқа ұшыраған аймақтардың мұқтаждықтарына 42 дана суға арналған ыдыс, 1 мың төсек, 170 шатыр, 2,5 мың төсек-орын жабдық жиынтығы, 340 шәйнек – барлығын қосқанда 10 вагон гуманитарлық жүк Қазақстаннан Сербияға теміржол арқылы жеткізілді.

«СР СІМ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Горан Петрович Сербия Үкіметі атынан еліміздің басшылығына және Қазақстан халқына уақытылы көрсетілген колғабысы үшін алғысын білдірді», - делінген хабарламада. 


Back to the list