• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық ынтымақтастығы талқыланды 06.10.2014

Тараптар өзара ықпалдастықтың қол жеткізілген деңгейіне ризашылықтарын білдірді.

«А.Дауылбаевтың айтуынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы Ұлыбританияның құзырлы органдарымен өзара түсіністік қағидасына сәйкес қылмысқа қарсы тұру, халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелерін шешуде белсенді қарым-қатынас орнатқан», - делінген хабарламада.

Ол сонымен қатар қазақстандық прокуратура қызметінің басты бағыттары туралы және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде сөз қозғады.

Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі кездегі геосаяси міндеттер аясында трансұлттық қылмыспен күрес бойынша ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігін атап өтті.


Back to the list