• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШЫҰ инновациялық жастар форумына ҚР делегациясын «Атамекен стартап»  бастап барады – ҰКП 03.10.2014

Форумға әр елден 4 адамнан (жобадан) ШЫҰ елдерінің білім беру мекемелері мен ғылыми ұйымдарының атынан үздік инновациялық жоба байқауына қатысатын 25-35 жас аралығындағы стартап жобалардың авторлары мен инновациялық жоба авторлары, жас ғалымдар шақырылады. Жобаларды жаһандық стартап жобалар мен консалингтік және инвестициялық агенттіктер, ресейлік және халықаралық венчурлі компаниялар жетекшілері бағалайды.

«Үздік инновациялық өнім, жоба және идея» аталымындағы бизнес жобалары байқауынан бөлек форум аясында «ШЫҰ кеңістігіндегі ғылымның болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел мен түрлі бағыттар бойынша сарапшылардың шеберлік дәрістері мен инвестициялық сессия ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, АтамекенStartup – жастар кәсіпкерлігін насихаттау мен дамыту мақсатында құрылған ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобасы. Ол жас кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында түрлі жобалар мен шаралар өткізеді.


Back to the list