03.10.2014
Атап айтқанда, Динь Ла Тханг Қазақстан компанияларымен Вьетнамның көлік инфрақұрылымына инвестиция салу саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Министр мырза Вьетнам тарапының азаматтық авиацияны, темір және автокөліктік жолды дамыту саласында әріптестікке дайындығы жөнінде мәлімдеді.
«Динь Ла Тханг сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға ықпал ететін Алматы мен Хошимин арасындағы тікелей әуе қатынасы ашылуының және қызмет етуінің жетістіктерін өтті», - делінген хабарламада.
Қазақстандық дипломат өз кезегінде екі елдің зор көліктік және транзиттік әлеуеті бар екеніне көрсете отырып, көлік саласында өзара тиімді бірлескен жобалардың іске асыру мүмкіндігін атап өтті.