• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Германия депутаттары ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады 02.10.2014

Мәжіліс вице-спикері Германия – Қазақстанның Еуропа мен әлемдегі сенімді серіктесі екендігін атап, біздің еліміз алдағы уақытта да екі жақты қарым-қатынасты өркендетуге мүдделі екендіктерін білдірді.

Тараптар білім беру саласына айырықша назар аударды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы ақпан айындағы Берлинге сапарындағы жеткен шарттардың жүзеге асырылуының маңызды тұстарына тоқталды.

«Сергей Дьяченко елімізге енгізіліп отырған білім берудің германиялық дуальдық тәсілі кешенді және жүйелі түрде қазақстан-герман өзара байланысын сол бағытта жалғастырып отырғанын мәлімдеді. Вице-спикердің көзқарасында бұл мәселенің өзекті бір жағы Қазақстан экономикасына қажетті кәсіптік-техникалық мамандармен қамтамасыз етумен байланысты көрінеді», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Екі әріптес заң шығару жұмысы мен Бундестагтағы «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобының мүшелерімен қазақстандық депутаттардың байланысын жандандыру жолдары бойынша да пікірлесті.


Back to the list