• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Филиппиннің сыртқы істер министрі Альберта Дель Росарио 2015 жылы Қазақстанға келеді – СІМ 02.10.2014

«Қазақстандық тарапты ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов бастап барды. Ал екінші тараптың басында Филиппиннің сыртқы істер хатшысының (министрі) орынбасары Лаура Дель Росарио болды», - деп хабарлайды ҚР СІМ.

Шара аясында тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі күйі мен болашағына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Дипломаттар сонымен қатар БҰҰ, АӨСШК, АСЕАН, АСЕМ секілді халықаралық ұйымдар арасындағы екі ел байланысы жайлы ойларын ортаға салды.

Хабарламада айтылғандай, А.Мусинов республиканың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Қазақстанның маңызды халықаралық бастамалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, филиппин тарабы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басты бағыттары және Азия өңірі елдерімен байланысты нығайтудағы 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстанның сыртқы саяси тұжырымдамасының негізімен танысты.

Өз кезегінде, Л.Росарио сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен іскер орта арасындағы бизнесті кеңейту жұмыстарын дамыту қажеттілігіне тоқталды.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2015 жылы Филиппиннің сыртқы істер хатшысы (министрі) Альберта Дель Росарионың Ақтауға ресми сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келді», - делінген хабарламада.


Back to the list