02.10.2014
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, форум қатысушыларына 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі-индустриялды инновациялық жоба мемлекеттік бағдарламасы туралы мағлұмат беріліп, ҚР Үкіметі аталмыш бағдарлама бойынша шетелдік инвесторларға ұсынып отырған жеңілдіктер мен жаңа бастамалар ұсынысы алға тартылды. Ол 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИД МБ аясында жұмыс істейтін болады.
Ливандағы дипмиссияның қазақстандық сенімді өкілі Дәулет Ембердиев ҚР-дағы бос экономикалық аймақ пен жеңілдіктер, инвесторлар үшін орнатылған АЭА туралы баяндады.
Сондай-ақ, ол шараға қатысушыларды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу туралы ақпараттандырып, ливандық кәсіпкерлерді шараға қатысуға шақырды.