• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Оманда Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы баспасөз конференциясы өтті 26.09.2014

СІМ-де хабарлағандай, іс-шараға Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының, Қазақстанда жұмыс істейтін «Oman Oil» және «MB Holding» компанияларының өкілдері мен біздің еліміздің экономикасына инвестиция салуға мүдделі жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушыларға Қазақстандағы инвестициялық ахуал, ҚР Үкіметінің шетелдік инвестицияларды тарту жолындағы шаралары және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы таныстырылды.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан үкіметінің шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай туғызу бағытындағы қадамдарына едәуір қызығушылық танытты.


Back to the list