• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР мен   Қытай мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (ФОТО) 24.09.2014

Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі хабарлағандай,  Академия ректоры Болатбек Абдрасилов  Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы айтып берді.  Сондай-ақ ол екі жақты байланыстардың маңыздылығын, осы саладағы өзара ынтымақтастықты, мысалы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы сияқты  кең форматта дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.  Ол  «ШЫҰ елдерінің әкімшілік-мемлекеттік басқару саласында ынтымақтасу тетіктерін» құру жөніндегі идеяны іске асыру жұмыстарының негізгі бағыттарын ұсынды.         

Дөңгелек үстелдің жұмысында  мемлекеттік қызметті басқару және Қытайда мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері қарастырылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері өз баяндамаларында  мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы қызметтің жаңа бағыттарын таныстырды.

 


Back to the list