23.09.2014
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, кездесуде екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты, соның ішінде әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды.
«Қазақстан мен Қытайды екі ел көшбасшыларының жақын және достық қарым-қатынасына негізделген берік және ұзақмерзімді ынтымақтастық байланыстырады. Екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы әріптестік осы ынтымақтастықтың маңызды бір бағыты болып табылады», - деді С.Ахметов.
Өз кезегінде, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян «Қытай Қазақстанмен мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша, соның ішінде әскери және әскери техникалық салада да стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір»- деп атап өтті.