• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық делегация БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына кірісті – СІМ 23.09.2014

Нью-Йорктағы алғашқы күні ҚР СІМ басшысы америкалық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Олардың ішінде: «Боинг», «Сикорски Эйркрафт», «Ситигрупп», «Шеврон» және т.б. Сұхбаттастарымен шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар ұйымдастырылуы туралы бастамаға байланысты әрі қарай ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда іс жүргізу мүмкіндіктерін талқылады. Өз кезегінде іскерлер АҚШ-ты қоса алғанда, Қазақстанның 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз тәртіп орнатуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған ҚР талпыныстарын ескере отырып, америкалық компаниялардың өкілдері Қазақстандағы бизнесін кеңейтуге қызығушылық танытты. Оның ішінде шикізат саласынан тысқары жобаларды жүзеге асыруға да қатысты.

Сондай-ақ, отандық СІМ басшысы шетелдік әріптестерімен де бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Олардың ішінде Алжир мен Коста-Рикалық әріптестері Р. Ламамара және Г. Санз да бар. Кездесулер барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастардың жағдайы мен келешегі, ынтымақтастықты дамыту жолы, халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестікке қатысты сұрақтар, сондай-ақ халықаралық күнтәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Е. Ыдырысовпен бірге жүрген қазақстандық делегация Азиядағы ынтымақтастық сұхбатының (АЫС) іс-шарасына қатысып, АСЕАН делегацияларының басшыларымен АЫС мен АӨСШК арасындағы іс-қимыл жөнінде пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. АЫС негізгі мақсаты - қатысушылар арасында өзара пікір, тәжірибе алмасу, түрлі деңгейлердегі әріптестікті үйлестіру, жаһанданудың салдары мен талаптарына қатысты ортақ ұстанымдар қабылдау.


Back to the list