23.09.2014
С.Ахметовтің айтуынша «Қазақстан мен Қытайды екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларындағы берік өзара қарым-қатынастар байланыстырады».
«Кездесу барысында әріптестер екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволары арасында келешекте өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бірқатар ұсыныстар айтты. Сонымен бірге, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша пайымды пікір алмасулар болды», - делінген хабарламада.
Ол «достық стратегиялық қарым-қатынастың нығаюына екі ел көшбасшыларының тұрақты кездесулері ықпал етіп келе жатыр», - деп атап өтті.
С. Ахметов Астанада мамыр айында өткен «KADEX-2014» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін қытайлық тарапқа алғыс білдірді.
Өз кезегінде ҚХР қорғаныс министрі Чан Ваньцюан «аталған сапар екі елдің қорғаныс ведомстволары мен қорғаныс күштерінің болашақтағы ынтымақтастығына Қазақстанның белсенділік танытып отырғандығын көрсетеді» деді
Чан Ваньцюан Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы зор үлесін және «әскери және әскери техникалық ынтымақтастықты келешекте кеңейтуді» атап өтті.
Кездесу соңында қорғаныс министрі С.Ахметов өз әріптесін ресми сапармен Қазақстанға келіп кетуге шақырды.