23.09.2014
Кездесуде мұнай-газ, АӨК, энергетикалық сектор мен транзиттік-логистикалық саладағы өзара қазақстан-қытай іс-қимылының барлық қырларын қарастырды.
Кәрім Мәсімов екіжақты байланысты жандандырудың маңыздылығын айта келіп, ҚХР-мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылықтың жоғары екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде, Ч.Баовэнь қазақстандық-қытай байланысының барлық салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту керектігін айтты.
«Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар екіжақты тауар айналымын арттыруға бағытталған сауда-экономикалық ынтымақтастықты ары қарай тереңдету керектігін айтты», - делінген порталда.