• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат Төрағасы Қытай делегациясымен кездесті 22.09.2014

Әңгіме барысында Қ.Тоқаев және Ч.Баовэн сауда-экономика, энергетика, гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты ынтамақтастықтың даму қарқынын атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, Душанбедегі ШЫҰ саммитіндегі Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуі екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін берді.

Жүздесушілер парламентаралық өзара іс-қимыл стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды құрамы деп санайды. Екі елдің Парламентінде де ынтымақтастық жөніндегі топтар табысты қызмет етіп келеді, парламенттік делегациялардың сапарларымен алмасады және парламентаралық ұйымдар байланыстары бойынша өзара іс-қимыл дами түсуде.

 «Біз парламентаралық ынтымақтастықты өркендету үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз. Заң шығару қызметінде парламентшілер арасындағы тәжірибе алмасу да пайдалы болады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Қытай тарапы Дүниежүзілік мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесін өткізуде 2010 жылы Шанхайда өткен осындай шараны ұйымдастырудағы тәжірибесімен Қазақстанмен бөлісуге әзірлігін білдірді.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ҚХР-дың құрылғанына 65 жыл толуына орай қытайлық әріптестерін құттықтады және Қытайдың Қазақстандағы күндерін табысты өткізуге тілектестігін білдірді, сондай-ақ ХӨБЖ ТК Төрағасы Чжан Дэцзянды екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік мәселелері бойынша үнқатысуды жалғастыру үшін Қазақстанға келуге шақырды.

 


Back to the list