22.09.2014
«Біз үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызы зор. Өйткені осы құжатта бүгінгі таңдағы көптеген халықаралық түйінді мәселелердің шешімі көрсетілген. Қазақстан осы құжатты негізге ала отырып мемлекеттің дамуына ұзақмерзімді жоспар құрып, сонымен қатар оған жетудің жолдарын да жан-жақты қарастырған», -дейді БҰҰ өкілі.
Оның айтуынша, 2050 Стратегиясы арқылы Қазақстан біздің ұйымның жұмысына бағыт-бағдар беріп, ұлттық даму жұмыстарында үлкен үлес қосады.
«Жалпы, 2050 Стратегиясы БҰҰ ЮНФПА бағдарламасының 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда да айтарлықтай көмек береді. 2050 Стратегиясы арқылы Қазақстан біздің ұйымның жұмысына бағыт-бағдар беріп, ұлттық даму жұмыстарында үлкен үлес қосады. Бұл БҰҰ ЮНФПА бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы әріптестік байланыстың қазығына айналмақ», - дейді Н.Ботев.