• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Жақыпов: Мәжіліс қазақстандық-қытайлық парламентаралық байланысты нығайтуға айрықша көңіл бөледі 22.09.2014

«Қазақстандық-қытайлық өзара іс-қимыл мәселелерін талқыға сала келіп, тараптар Қазақстан мен Қытай басшылары арасындағы достық қарым-қатынас қос мемлекеттің стратегиялық ықпалдастығына серпін беріп келе жатқанына тоқталды», - делінген хабарламада.

Кабиболла Жақыпов аталған елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудегі жетістіктерін тілге тиек ете келіп,  ҚХР-ның халықаралық және аймақтық саясатта орны айрықша орталық екендігін атап өтті. 

«Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығының арқасында сіздердің елдеріңіз дамудың қазақстандық жолын қалыптастырып, бүкіл әлемге ұлттық жаңғырудың үлгісін көрсетті»,-деді Чжан Баовэнь.

Осы жылы Қытайдағы жоғары билік органы саналатын Бүкілқытайлық Халық өкілдері Жиналысының құрылғанына 60 жыл толады.

Мәжіліс Төрағасы әріптесін айтулы мерекемен құттықтай келе ұйымның алдағы уақытта да өз елінің қарқынды дамуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады. Екі ел парламенттері барлық салада екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға барынша үлес қоспақ.

 

 


Back to the list