• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Талдықорғанда қазақстандық-беларустық бизнес-форум өтті 21.09.2014

Форум жұмысына екі елдің жүзге жуық делегаты қатысты. «Алматы облысының орталығы форумды өткізу үшін бекер таңдалмады. Экономикалық дамудың әлеуеті бірлескен кәсіпорындардың өсіміне ғана емес, жалпы Қазақстан мен Беларуссияның тауар айналымына әсер етеді», - деп хабарлады «Даму» қоры.

«Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасы Сабыр Есімбеков атап өткендей, облыстың инвестициялық басымдығы: энергияның жаңа көздерін дамыту, фармацевтикалық сала, құрылыс индустриясының кәсіпкерлігі, туризм, көліктік-логистикалық сала, ауыл шаруашылығы.

Кездесу барысында Алматы облысының инвестициялық мүмкіндігі талқыланды.

«Тікелей байланыстың орнатылуы екі елдің тауар айналымына әсер берді. Егер де алғашында тауар айналымы 250 млн АҚШ долларын құраса, қазір ол млрд-қа жетті. 14 бірлескен кәсіпорын құрылды. Енді 2 млрд теңгенің ауылы да алыс емес. Екіжақты қарым-қатынасты белсенділете түсу қажет», - деді Беларустық сауда-өндірістік палата Гомельдік бөлімнің  директоры Марина Филонова. 


Back to the list