20.09.2014
«Астана мен Қазан қалаларының арасындағы бауырластық орнаған 10 жылдың ішінде Сабантой мерекесі Елордада бірнеше мәрте өткізілген болатын. Бүгінгі таңда астаналықтардың 11 мыңнан астамы татар ұлысының өкілдері екенін атап өту керек», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Сабантой барысында Татарстанның ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін сауда-көрмелер ұйымдастырылды.
Сауда-көрмеге нан, шұжық, сүт өнімдері, балалар тағамы, ірімшік, жылыжай комбинатының қызанақ, қияр, көкшөп сияқты көкөнсітер және т.б. көптеген ауыл-шаруашығы өнімдері қойылды. Сонымен қатар, көрмеде құс еті, атап айтқанда қақталған қаз, үйрек еттері, ұлттық тағамдар, алкоголь өнімдері (шарап, шампан, арақ, аперетивтер, бальзамдар және т.б.) ұсынылды.
Сауда-көрмеде майонез, кетчуп, өсімдік майы сияқты май өнімдері мен бал шаруашығы өнімдерінің мол түрі сатылымға шығарылды. Сонымен қатар, астаналықтар аң терісінен жасалған тондар, ішіктер, бас киімдерді т.б. сатылды.
Сабантойда Татарстан өнер шеберлерінің гала-концерті өткізілді.
Айта кетейік, сабантой татар тілінен аударғанда «Жер өңдеу мерекесі» деген ұғымды білдіреді. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Заман ағымына қарай өзгеріске ұшырап, дамытылып, заманауи реңкке ие болған мереке бүгінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жауһарлары тізіміне енген.