• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әбу-Дабиде Қазақстан мен БАӘ-нің  телекоммуникация саласындағы ынтымақтастығы талқыланды 21.09.2014

«Осы ретте ол БҰҰ-ның электрондық үкімет бойынша рейтінгісінде биылғы жылы Қазақстан 10 сатыға көтеріліп, әлемнің 193 елі арасында 28-ші орын алғанын атап өтті. Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталында 570 астам қызмет және төлем түрлері көрсетіледі», - деп хабарлады СІМ.

Өз кезегінде, Мұхаммед Насер әл-Ғанем БАӘ Үкіметі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға елеулі қаржы бөлетінін атап өтті. БАӘ-дегі электрондық үкіметті құру стратегиясы айтарлықтай жүйелі және мемлекеттік аппарат қызметінің шын мәнінде барлық салаларын қамтиды. Ол жоғары үкіметтік деңгейдегі қолдауға ие және бұл оның пәрменділігін айқындайды.

 Стратегияның негізгі мақсаттарына бірінші кезекте, мемлекеттік қызметкерлерді ескішіл, өнімсіз еңбектен босату, мемлекеттік құрылымдардың өзара ықпалдастығындағы ақпараттық тізбекте қисынсыз, аралық буындарды болдырмау жатады.    

 

 


Back to the list