19.09.2014
Әділет министрлігінде хабарлағандай, аталған Кеңестің мақсаты ШЫҰ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейту болып табылады.
Кеңесте Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының әділет министрлері қатысады.
«Кеңесте министрлер бірқатар құқық үстемдігін сақтау тетіктерін жетілдіруге, бейбітшілікті құқықтық қамтамасыз етуді жәрдемдесуге, ШЫҰ аймағында тұрақтылық пен дамуына қатысты мәселелерді талқылайды, норма шығару практикасы саласында тәжірибе алмасады, сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің бірінші кеңесінен кейінгі Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастықтың, сонымен қатар сот-сараптама қызметі саласында қорытындысын шығарады», - делінген хабарламада.
Кеңестің қорытындысы бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттердің әділет министрлерінің екінші кеңесінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қою жоспарланған.