19.09.2014
ҚР СІМ хабарлағандай, сапардың бірінші күнінде Е.Ыдырысов МҚШ Сыртқы байланыс бойынша хатшысы Хосе Антонио Мид Курибренья және Энергетика хатшысы (Министр) Ильдефенсо Гуахардо Вильяреальмен кездесті, қазақстандық-мексикалық бизнес-форумға қатыстып, Дипломатиялық академияда дәріс оқыды.
«Сұхбаттастар екіжақты қатынастарға мықты серпін берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен МҚШ Президенті Энрико Пенья Нето арасында 2013 жылы сәуірде Боао халықаралық экономикалық форумы және 2013 жылы маусымда Санкт-Петербургта өткен «үлкен жиырмалық» саммиті аясындағы кездесулерін алға тартты. Орын алып жатқан келіссөздер жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыру және екі ел басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын орындауға бағытталғаны атап өтілді», - делінген хабарламада.
Мексикалық дипломат пікірінше, Қазақстан және Мексика бір-бірінен алшақ орналасқандарына қарамастан, олардың ортақ жақтары көп.
Атап айтқанда, екі ел өздерінің өңірлерінде жетекшілік етеді, жер және табиғи ресурстарына бай, географиялық орналасуы да ұқсас, даму басымдықтары мен халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары жақын А. Мид Курибренья атап өткендей, «Мексика Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің басты серіктесі ретінде қарастырады және кең ауқымды өзара тиімді қатынастарды дамытуға мүдделі».
Қазақстандық министр өз кезегінде дүниежүзінің болашағы зор өңірлерінің бірі болып табылатын Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен байланысты кеңейту ісіне Қазақстан ерекше көңіл бөледі деді.
Е.Ыдырысов пен И.Гаухардоның жеке кездесуі барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының әрі қарай кеңеюі мәселелерін талқыға салды.
ҚР СІМ басшысы өзінің бизнес-форумдағы сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін Мексикамен өнеркәсіп, мұнай, мұнай-химия, машина жасау, тау-кен өндіру, металлургия, химиялық, тоқыма өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру салалалрында тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол жыл сайын Мексикаға әлемнен 20 млн. турист келетінін ескере отырып, туризм саласында да Мексика Қазақстан үшін қызығушылық тудыратынын атап өтті.