19.09.2014
«Кездесуге біз Алматы қаласы кәсіпкерлерін шақырдық. Олар екі ел арасындағы әріптестікті кеңейтуге мүдделі. Бірінші кезекте қаржылық ынтымақтастықты дамытып, Дубайда пайдаланылып жатқан алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді көздеп отырмыз», - дейді Алматы қалалық КП директоры Артур Котенев.
Дөңгелек үстел барысында араб делегациясы өкілдері Дубайдағы экономикалық жағдай туралы баяндап, Қазақстан кәсіпкерліктерінің пайлдалана алатын мүмкіндіктерін таныстырды. Өз кезегінде шетелдік қонақтар Алматының өндірістік секторына назар аударып, биыл Әмірлікте өтетін тауар өндірушілердің ірі көрмесіне қазақстандық кәсіпкерліктердің де қатысуын қалайтындарын айтты.
«Қазіргі таңда инвестиция мәселесі Дубайда үкіметтік деңгейде қарастырылып жатыр. Біз қазақстандық кәсіпкерліктерді қуана қарсы алар едік. Барынша ірі инвестор табуға мүмкіндік беретін осындай тауар өндірушілер көрмесін жиі қолға аламыз», - дейді Дубай қаласы муниципалитетінің бас директоры Лота Хусейн Нассер.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алматы мен Дубай арасында ынтымақтастық құратын болып шешті. Екі елдің тауар өндіру және инвестиция саласындағы байланысы құрылды.