• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Э.Мониз: Қазақстан - БҰҰ-да Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін анықтаудың қозғалыс күші 18.09.2014

«Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі мен «Қару-жарақты бақылау  Қауымдастығы» және «Жасыл крест» үкіметтік емес ұйымдарымен ұйымдастырған іс-шара 2009 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен ұлттар ұйымына ұсынылған бастамасымен, 29 тамызда атап өтілетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылды», - деп хабарлады СІМ.

1991 жылы 29 тамызда Семей сынақ полигоның жабу жөніндегі Елбасының күрделі шешімі туралы өзінің сөйлеген сөзінде АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониз жиналған қонақтардың есіне салды.

Э.Мониздің айтуынша, Қазақстан "БҰҰ-да Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін анықтаудың қозғалыс күші болып", 2011 ж. Астанада өткен "Ядролық қарусыз әлем үшін халықаралық форумын" Қазақстанның ғаламдық ядролық қауіпсіздікті дамытудағы Қазақстанның маңызды рөлінің айқын айғағы болып табылады.

Американдық саясаткер Астананың Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құрудағы Астананың көшбасшылық рөлі мен осы аймақ туралы келісімнің теріс кепілдемелік беру хаттамасына ү.ж. 6 мамырда Нью-Йоркте бес ядролық алпауыт мемлекеттердің қол қоюды қамтамасыздандырудағы Қазақстанның белсенді жұмысын ерекше атап көрсетті.

Американдық саясаткер конференцияға қатысушыларды аталған саладағы ҚР мен АҚШ арасындағы қазіргі жобалармен таныстырып өтті. Оның пікірінше, Қазақстан "ядролық таратпау саласындағы АҚШ-тың ең мықты серіктерінің бірі" болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан ядролық саласында ғана емес, сонымен қатар, жаппай қырып жою қаруларының басқа да түрлерін таратпауда сындарлы серік болып табылады.

"Бейбітшілік институтындағы осы конференция ядролық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан басшылығының маңызды табыстарының кезекті айғағы болып табылады" деп мәлімдеді АҚШ энергетика өнеркәсібінің басшысы.


Back to the list