• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО мен Чехия өнеркәсіптік салада ынтымақтастық орнатады 18.09.2014

«Облыстың Чехия Республикасымен арадағы сыртқы сауда айналымы биылғы жылдың 7 айында 50 млн долларды құрап, 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,2 есеге өсті. Соның ішінде импорттың үлес салмағы едәуір артық. Чехия Республикасымен сыртқы сауда айналымы жалпы сауданың 3 пайызын құрайды. Сөзсіз, бұл көрсеткіш тым көп те емес. Алайда, алдағы уақытта үлкен белестер алынбақ», - дейді Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Бердібек Сапарбаев.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, 2012 жылы ШҚО әкімдігі мен Плхеньский өңірінің  әкімшілігі арасында құрылған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім енді қарқынды жұмыс істей түспек.  

«Қазақстанның соңғы уақытта өте қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл менің елге жасаған алғашқы сапарым. Осы өңірдің экономикалық әлеуеті мен Плзеньский өңірінің мүмкіндіктерін өзара бірлесе даму жолында пайдаланатын боламыз. Біз екіжақты ынтымақтастыққа өте мүдделі болып отырмыз», - дейді чех делегациясының басшысы гетман Вацлав Шлайз.

Айта кету керек, кездесу қорытындысы бойынша «Техстройинновация» ЖШС мен чехтың «Фридлантские стройирны» компаниясы арасында 8 950 000 млн еуролық құны бар  келіссөзге қол қойылды.


Back to the list