• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Талдықорғанда Қазақстан мен Беларусь елінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды 18.09.2014

Отырыс барысында өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, көлік және коммуникация, ғарыш саласы, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы екіжақты сауда-экономикалық іс-әрекеттер мәселелері қаралды.

Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2014-2015 жылдарға арналған Жол картасын орындаудың бірінші жылғы қорытындысы шығарылды.  Отырыс барысында екі елдегі кәсіпкерлер тобының қатысуымен бизнес-форум өтті. Алматы облысы кәсіпкерлерінің азық-түлік көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ жекелеген өндірістік және ауыл шаруашылық нысандарына  барды.

«Отырыста  екі мемлекеттегі кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы алдағы уақытта негізінде жаңа шарттарда – 2014 жылғы мамырда Астана қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы шарт аясында жүзеге асырылатын болады, ол 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді», - делінген хабарламада.

Отырыстың қорытынды құжатында жоғарыда аталған бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты белсендендіру және бекіту, біздің елде кәсіпкерлердің жаңа іскери байланыстарын орнату және бар іскери байланыстарды нығайту, сондай-ақ оған екі елдің жаңа өңірлерін тарту арқылы ынтымақтастықты кеңейту бойынша одан арғы қадамдар көзделді.


Back to the list