• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ОАР Елшісін қабылдады 17.09.2014

«Сенат Төрағасы Африка құрылығында жетекші орын алатын Оңтүстік Африка Республикасымен көптарапты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

 Қ.Тоқаевтың пікірінше, парламентаралық байланыстардың маңызы зор. Ол біздің еліміздегі ахуалмен танысу үшін ОАР-дың халық қалаулыларына Қазақстанға шақыруын жеткізді. Сенат Төрағасы алдағы жылдың ортасында болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне әзірлік туралы елшіні хабардар етті.

Ш.Сони өз кезегінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алдағы уақыттағы ОАР-ға мемлекеттік сапарына әзірлік барысы туралы айтты. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамытуға күшті серпін беретіні жайында пікірін білдірді.

 


Back to the list