16.09.2014
«Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ аясындағы Су комитеті мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін құру туралы бұрындары да көтерілген қазақстандық бастамаларды қарауды жаңарту қажеттілігін айтты», - дейді Ш.Нұрышев.
Оның айтуынша, саммитте ынтымақтастықтың әр саласына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
«2013 жылғы Бішкек саммитінен кейін өткен ШЫҰ қызметінің негізгі нәтижелері ортаға тасталып, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды», - дейді ол.
Ш.Нұрышевтың пікірінше, ҚР Президенті шекарадағы шешілмеген мәселелерге көңіл аудару қажеттілігін алға тартты.
«Елбасы ШЫҰ-дағы шекаралық мәселелер бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы шекара маңайындағы сенім шараларын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты», - деді ол.
Индира Қауметова