• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен  Польша білім саласында ынтымақтастық орнатты – ҚР СІМ 16.09.2014

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, келісімге Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан мен Польша арасындағы Экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның қазақстандық жағынан тең төрағасы Рәпіл Жошыбаев, Польша тарапынан Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковский қол қойды.

«Келісім екі елдің ағартушылық салаларындағы ықпалдастықтың одан әрі кеңеюіне және біріккен ғылыми зерттеулердің деңгейі мен тиімділігінің артуына, өзара мұғалімдер мен ізденушілерді алмастыру шарттарын жақсартуына мүмкіндік туғызады деп күтілуде. Атап айтқанда, қазақстандық поляктар тығыз шоғырланған Қазақстанның өңірлеріне Польшадан мұғалімдер шақыртылатын болады, Польша тарапы қазақстандық ізденушілерді жыл сайын «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.

2013 жылдың қорытындылары бойынша, екі ел арасындағы сауда айналымы 1,2 млрд.АҚШ долларын, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 572,6 млн. АҚШ долларын құрады.


Back to the list