15.09.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, облыс әкімі мен Омбы облысы губернаторы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен сауда, мәдениет пен спорт саласындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастар көкжиегін кеңейту мәселелерін қарады.
«Өңір басшыларының кездесуінде Павлодар облысының әкімдігі мен Омбы облысының әкімшілігі арасында хатамаларға қол қойылды.Сонымен қатар, іссапар барысында Павлодар мен Омбы облыстарының кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы мен Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қойылды», - делінген хабарламада.