14.09.2014
Қазақстан атынан ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Біржан Қанешевтың басшылығымен Комитеттің делегаттары қатысты.
Тең жағдай жасау жөніндегі халықаралық стандарттар» деген тақырып 2014 жылғы Дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны болды.
Бас ассамблеяның отырысын ашу барысында ISO президенті Терри Хилл қатысушылардың назарын жаңа технологияларды дамыту мен енгізуге және өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін негізгі құрал ретінде стандарттаудың маңыздылығына аударды.
Осы Бас ассамблея барысында Қазақстаннан келген сарапшылар «Стандарттау мәселелері бойынша ISO мүшелерінің әлеуетін арттыру және сонымен байланысты сұрақтар», «Стандарттар және реттеу», «Егер келешек ұрпақ ISO-ны өзгертсе, оны қалай елестетесіз?» және т.б. жұмыстық сессияларға қатысты.
Бас ассамблеяның отырысымен қатар ҚР ИЖМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Б.Қанешев ISO-ның Бас хатшысы Р.Стилмен кездесті, онда Комитеттің техникалық сарапшылары мен мамандарын оқыту саласындағы өзара түсіністік меморандумын іске асыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдардың Жол картасы талқыланды және қол қойылды.
Сондай-ақ осы шара аясында Испанияның Стандарттау және сертификаттау жөніндегі қауымдастығының бас директорымен Испанияның тәжірибесі негізінде Қазақстандағы туризм секторын стандарттау мен сертификаттауды дамыту сұрақтары талқылануы Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.
Жалпы алғанда, қазақстандық делегаттардың ISO Бас ассамблеясының 37-ші жұмысына қатысуы өнімдердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өмірді және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар мен заманауи инновациялық технологияларды ұтымды пайдалануы үшін стандарттау құралын пайдаланудың жаңа қарқынымен ұлттық техникалық саясатты үйлестіру тұрғысынан үлкен маңызға ие болды.