• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Түрікменстан мәдениет және спорт саласындағы  ынтымақтастықты нығайтуда 12.09.2014

Әңгіме мәдениет және өнер салаларын талқылаудан басталды. Кездесу қатысушылары бұл саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша бірауыздық түсіністікті білдірген болатын.

Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, қазақстандық ведомства басшысы мен Түрікменстан Елшісі мәдени саладағы тәжірибе және екі мемлекеттің мәдениет және өнер өкілдерінің арасында шығармашылық байланыстармен алмасуға келісті. Сонымен қатар, қатысушылардың ойынша мәдениет саласындағы ықпалдастық тұрақты және ұзақ мерзімді болуға тиіс.

Тараптар арасында Қазақстан мен Түрікменстан жетекші ұжымдарының қатысуымен түрлі концерттер, көрмелер, спектакльдер ұйымдастыруға келісімі жасалды.


Back to the list