• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ТМД елдері  арасында  табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО) 12.09.2014

Чемпионатты ашқан ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары  генерал-майор  Мұқан Дүйсекеев аталған жарысты «достастық армиялардың әскери-спорттық өміріндегі айтулы оқиға» деп атап өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Осындай жарыстар халықаралық спортты дамытудың көпірі ретінде және Достастық елдері арасындағы байланысты және де «спорттың әскери-қолданбалы түрі оның ішінде табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын нығайтуға мүмкіндік жасайды»,- деді М Дүйсекеев.

Қатысушылар алдында сондай-ақ ТМД- ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі жанындағы спорт комитетінің төрағасы- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев сөз сөйледі.

Үш күн бойы  Қырғызстан, Ресей және Қазақстан  Қарулы  күштерінен келген әскери-спортшылар табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша сайыспақ.

Чемпионаттың мақсаты достастықты нығайту және Достастық елдері арасында әскери қызметшілер дене тәрбиесін, спорттың бұқаралылығын арттыру, дене дайындығын және моральді-психологиялық тұрақтылығын күшейту болып табылады.

Чемпионат жалауы ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте түсірілетін болады.


Back to the list