12.09.2014
«Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасы еліміздің маңызды серіктесі екенін және Қазақстан оған әрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшылары екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелерін де қарастырды.
Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты.