• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СІМ-де  ҚР  мен ЕО  арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселесі талқыланды 11.09.2014

«Кездесу аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі жаңа Келісім бойынша келіссөздердің 8-ші раундына қатысты мәселелер талқыға салынды», - делінген хабарламада.

Тараптар келіссөздер үдерісі шеңберінде кең ауқымды жұмыстар атқарып, 8-ші раундқа жақсы нәтижелермен жеткені аталды.

Е.Ыдырысов атап өткендей, жаңа келісім барлық салалардағы екіжақты тығыз, үстемделген және өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға деген тараптардың мүдделілігін аңғартады және бұл өз кезегінде еуропалық бизнес пен инвестицияның Қазақстанның экономикалық дамуына белсенді қатысуына қолайлы мүмкіндіктер туғызады.

Сонымен қатар, екіжақты қарым-қатынастар, оның ішінде визалық талаптарды жеңілдету, экономикалық ынтымақтастық, Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына кіруі, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн-тәртібінің мәселелері қарастырылды.

Соңғы бірнеше жыл ішінде Еуроодақ Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2013 жылы ҚР-ЕО арасындағы сауда айналымы 53,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда көлемі 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 28,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл еліміздің сыртқы сауда айналымының 54,7%-ына сәйкес келеді.


Back to the list