11.09.2014
«11 қыркүйекте Мәскеу уақыты бойынша 06 сағат 23 минутта Жезқазғанның (Қазақстан Республикасы) оңтүстік шығысына «Союз ТМА-12М» көліктік пилотты кораблінің жөнелту құрылғысы келіп қонды. Қону штаттық режимде іске асырылды», - деп хабарлады ресми сайт.
Жерге МКС-39/40 экипажының КПК командирі Александр Скворцов (Роскосмос), ғарышкер Олег Артемьев (Роскосмос) пен астронавт Стивен Свонсон (NASA) құрамы оралды. Александр Скворцовтың бұл ғарышқа жасаған екінші сапары. Ал Олег Артемьев үшін тұңғыш рет болып отыр. Ал Стивен Свонсон осымен үшінші рет ғарышқа ұшқан.