11.09.2014
Баяндаманың авторлары болып әйгілі америкалық және қазақстандық сарапшылар ұсынылды: Дж.Хопкинс университетінің маңындағы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы Ф.Старр, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ халықаралық қатынастар профессоры Ф.Көкеева, Дүниежүзі экономика және саясат институтының аға ғылыми қызметкері А.Нұрша, америкалық сарапшылар С.Корнелл және Э.Уимбуш.
«Тұсаукесер рәсіміне Мемлекеттік департамент, саяси, қоғамдық және сараптамалық топтар, сонымен қатар АҚШ жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Ф.Старр сөйлеген сөзінде Құрама Штаттардың Орталық Азия елдерімен диалогты екіжақты негізде және өңірлік форматта белсендіруді ұсынды. Ол Қазақстан АҚШ-тың өңірдегі «басты, сенімді стратегиялық серіктесі» болып табылатынын және екі ел көп жерлерде ортақ мүдделерге ие болатынын атап өтті. Оның ойы бойынша, Қазақстан «Жаңа Жібек жолында», Ауғанстанда жағдайды тұрақтандыруда және Орталық Азияға жаңа инвестициялар және технологиялар тартуда құрылымдық рөлге ие», - делінген хабарламада.
Сарапшылар Құрама Штаттардың Қазақстанның ДСҰ-ға тезірек кіруіне, өзара сапарларды жиі өткізуге, ағартушылық ынтымақтастықты және сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге қолдау көрсетуін қалады. Пікірталастар барысында Қазақстанның болашақ дамуы, көп векторлы сыртқы саясаты және екіжақты қатынастарды институционалдау секілді өзекті тақырыптар бойынша сөз қозғалды.
Қатысушылар Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде сәтті дамып келеді және Орталық Азиядағы тұрақтылықтың «арқауы» болып табылады деген пікірге келді. Экономикалық гүлденуді қамтамасыз ету және өңірлік қауіпсіздікті сақтау мақсатында сарапшылар қазақстандық-америкалық тегіс қамтитын серіктестігін одан әрі нығайтуды қолдады.
Баяндаманың дәл осындай тұсау кесері 9 қыркүйекте АҚШ Конгрессінде өтті. Іс-шарада АҚШ Өкілдер палатасының Халықаралық қатынастар комитетінің Еуропа, Еуразия және жаңа қауіптер комитет асты бөлімінің төрағасы конгрессмен Дэйна Рорабакер сөз сөйледі. Ол жақында Конгресстің ресми делегациясының басшысы ретінде Қазақстанға іс-сапармен келіп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесті. Ол елдің тұрақты дамуы және халықаралық бейбітшілік пен өңірлік қауіпсіздік бойынша Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалады.