10.09.2014
ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстан-Канада «Достар тобының» теңтөрағасы, Қауымдар палатасының табиғи ресурстар жөніндегі Комитет Төрағасы Л.Бенуа бастаған делегация құрамына Канада Парламенті қос палатасы мен негізгі федералды саяси партиялар өкілдері кірді.
Сонымен қоса, Қазақстан-Канада сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік салаларындағы позитивті тенденциялар сөз болды. Канада екі Америка мемлекеттері ішінде Қазақстанның ең басты сауда әріптесі болып табылады: 2013 жылғы тауар айналым 3 млрд. АҚШ долларына пара-пар болды.
2013 жылы қарашада өткен Канада Сыртқы істер министрі Дж.Бэрдтің Астанаға ресми сапарының ерекше маңыздылығы аталып, оның маңызды нәтижесі ретінде Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласында ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылғаны айтылды. Осы жылдың тамыз айында күшіне енген бұл құжат екі елдің уран саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарады.