10.09.2014
«Кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың, кәсіпорындардың арнайы өнім шығару бойынша өндірістік және ғылыми кооперациялануының өзекті мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.
Тараптардың пікірінше, 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей әскери техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстар бағдарламасын іске асыру әскери және қос мақсаттағы өнім өндіруге оң ықпал ететін болады.